13.11.2025
📚 АШЫҚ САБАҚ – "АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АУДАРМАЛАРЫ"
13 қараша 2025 жыл
Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 6-сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен «Абай өлеңдері мен аудармалары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
✨ Сабақта ынтымақтастық атмосферасы орнап, оқушылар асықтар арқылы "Абай ауылы" және "Құнанбай ауылы" топтарына бөлінді. Сабақтың мақсаты таныстырылып, үй тапсырмасы ретінде оқушылар Абай өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқыды.
🎯 Ұлттық "Арқан тарту" ойыны арқылы ақын өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.
🎬 "Қыс" өлеңіне арналған бейнежазба көрсетіліп, талқылау жүргізілді.
🎭 "Бақа мен Өгіз" мысалы бойынша рөлдік көрініс қойылып, оқушылар сыни пікірлерін ортаға салды.
🏕 "Киіз үй құрастыру" ойынында білімдерін тапсырмалар арқылы бекітті.
📂 Топтық жоба қорғау және "Сүзгі" жұптық тапсырмасы арқылы шығармашылықтарын көрсетті.
📝 Сабақ соңында "Түйін" әдісімен ойларын қорытып, "Қоржын жинау" кері байланысы арқылы пікір білдірді.
📖 Үй тапсырмасы: Абайдың бір аударма өлеңін оқып келу.
📌 Сабақ мақсаты толық орындалып, оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хамбар С.