«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету жылдық есебі

«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылының №2  жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі.


«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылының № 2  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беру мектебі барлығы 30 қызмет көрсетті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 17, электрондық нұсқада - 6, қағаз нұсқада – 7.
2020 жылы барлығы 19 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 2, электрондық нұсқада - 4, қағаз нұсқада – 13.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- Бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 13.04.2020 11:22
Құрылған күні: 28.02.2023 08:53

Текст