Менің балам 8 - сынып оқушысы Каиров Диаз қаңтар айында Бурабайда орналасқан Республикалық балаларды сауықтыруға арналған "Балдәурен" лагерінде демалып қайтты. Диаз оқу екпіндісі және қоғамдық іс-шаралардың белсенділерінің бірі. Өзі би билеп, кітап оқып, музыка тыңдағанды ұнатады. Диаздың армандары көп. Келешекте таза білімім мен сауаттылығымның арқасында барлық армандарымды жүзеге асырғым келеді дейді. Жақында баламның кішкентай армандарымның бірі орындалды. Сол жиырма күнге созылған қызықты демалысынан алған әсерімен сыныптастарымен де бөлісті.
Диаздың айтуы бойынша, өз тобын үнемі алға жетелеп, жеңістерге ұмтылдырып, уақытымызды көңілді әрі ұмытылмасай етіп ұйымдастырғандары үшін сол асыл жандарға алғысы шексіз. "Біз - сұлумыз, балдаймыз, Балдәуренді таңдаймыз!"-деп ұрандап жүріп біз бірнеше қызықты шараларға қатысып, білімімізді ұштап, білетінімізді көрсете алдық, деп балам риза болып жүр.
Балдәуренде балам айырылмас достарымен танысыпты.. Тамаша достарымен әлі де татулықта, сыйластықта хат жазысып, хабар алысып жүр. Балдәурен - әрбір балдәурендік баланың жүрегінде мәңгілік сақталып қалатын асыл арманы, ғажайып ертегісі деп білемін.
8 - сынып оқушысы Каиров Диаздың анасы Каирова Жанна