Бастау ауылының № 2 ЖОББМ "Ауылым алтын бесігім" тақырыбында 5-7 сыныптарға фильм фест өткізді. Оқушылар фильм көру барысында бір-бірімен пікіралмасты. Ауылдың ерекшелігі жайлы көптеген мәліметтер, мысалдар келтірді. "Ауылым-алтын бесігім». иә, шыныменде «ауыл» деген керемет сөз ғой. Жаныңа жақын, ыстық мекен. Ал, сол ауылдың табиғаты мен қызу тіршілігін айтсаңызшы?! Басқа бір белгісіз, жұмбақ, жұмақ мекенінде жүргендей боласың. Бейне бір ғажайып ертегі әлемі секілді. Сол әлемнің табиғатын өз көздеріңізбен көрмей, суын өз қолдарыңызбен ішпей, ауасын жұтпайынша ештеңе де сезінбестеріңіз анық арине. Ауылға деген шынайы махаббатыңыздың оянғанын сонда ғана түсінесіз. Бұл керемет сезімді басынан өткізген де, өткізбеген де арманда! Таңның атқанымен, күннің қалай батқанын да білмей қаласың-ау шіркін! .