«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану»: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

14.02.2021

2021 жылы 2 ақпанда Бастау ауылы № 2 орта мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өткізілді, оқушылар жалпы адамзаттық құндылықтар, мейірімділік адамгершілік, достық  туралы тақпақтар мен өлеңдерді айтты. Оқушылар мен мұғалімдер онкүндік бойынша іс-шара жоспарымен таныстырылды. Бастауыш сынып оқушылары  «Мейірім төгетін ана»  атты кітаптар көрмесіне қатысып, Назарбаева Сара Алпысқызы туралы жаңа мәлеметерімен танысты. Бірінші ханым туралы бейнеролик көрсетілді.

Бастауыш сыныптар арасында «Қысқы ойындар» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды, мектеп бойынша «Әлемге қуаныш сыйла» деген коллаж байқауы өтті, ал 8-10 сынып арасында эссе бойынша байқуы ұйымдастырылды.

Онкүндіктің аясында өзін-өзі тану пәні бойынша ашық сабақтар өткізілді.

 «Ар-ұждан ғылымы» тақырыбында Коспаева Алия Жандосовна 4 сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақ  барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, дәйекі сөзбен танысып, өз ойыларымен бөлісті. Шығармашылық кезеңді барлық тапсырмаларды орындап, сабаққа белсене қатысты. Тәрбие сағат «Бақытым да, байлығым да -денсаулық» осы сыныпта өтті. Оқушылар денсаулық туралы тақпақтарды және өлеңдерді орындады. Денсаулыққа байланысты қабырға газеті шығарды.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Кенжебаева Зухра Қуанышбековна 8 сыныпта  «Менің сыныптасым»  тақырыбында ашық сабақты өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға «Менің сыныптасым»-туралы түсініктерді сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру. Сабақ тыныштық сәтінен басталды, үй тапсырманы тексеруімен жаслғастырды.Оқушылар бірнеше бейнероликтерді көріп, өз ойларымен бөлісті. Шығармашылық кезіңде өз сыныптастыр туралы  шағын шығарма жазды. Тақырып бойынша мәтінді оқып, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.

Осы сыныппен мұғалім «Шынайы дос-асыл қазына» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар дос, достық туралы өз пікірлерімен бөлісті, бірнеше  жаттығуды орындады. Достың қадай мінезі, достық шынайы сезім бе және т.б. сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстелге сыныптың барлық оқушылары қатысты.

3 сыныпта «Ақкөңілділік туралы» тақырыбында Тойшубекова Айгуль Тураровна ашық сабақты өткізді. Сабақ тыныштық сәтінен басталды, үй тапсырмасы тексеріліп, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар жаңа тақырыбымен танысты, дәйекісөзді қайталап, өз ойларымен бөлісті. Сабақ барысында  оқушылар бірнеше тапсырмаларды орындады. Сынып сабаққа белсене қатысты.

2 сыныппен ZOOM алаңы бойынша «Әдептілік-әдемілік» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылған. Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларды  кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету. Оқушыларды әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты  сәлемдесу кезеңін басталды. Оқушылар әдептілік туралы тақпақтарды айтып, мәтел-мақалдарды есіне алды. Әдеп туралы мультфильм қарап, сұрақтарға жауап берді. Бірнеше жағдаяттан жолдарын табу: оқушылар өз ойларын ортаға салды. Тәрбие сағатқа оқушылар қызықпен қатысты.

Барлық байқауының қорытындысын жасап, оқушылар марапатталды.

 

                              Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Тойшубекова А.Т. 

 

 

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст