Қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығының есебі
Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 2024-2025 оқу жылындағы 11.11-15.11 аралығында 1-11 сыныптар арасында Қазақ тілі мен әдебиет апталығының ашылуы өтті. 11.11.24 күні апталықтың ашылуында қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері апталықта өтетін іс-шаралардың жоспарымен оқушыларды таныстырды. Оқушылар апталықтың ашылуына орай қазақтың Бес арысы: А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов және Үш бәйтерегі: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин осындай ұлы ақын, жазушыларымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қазыналы қарияларымыздың даналық ғибраттарынан үзінді көрсете білді. Апталық жоспары бойынша Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері 9-11-сынып оқушылар арасынан "Үш бәйтерек-үш ғұмыр"эссе байқауын өткізді. Нәтижесінде 11-сынып оқушысы Шүйнши Айжұлдыз І орын, 9-сынып оқушысы Хаблан Аружан І орын, Хожаберген Аяжан ІІ орын иеленді. Бұл байқаудың мақсаты — қазақ әдебиетінің үш алып тұлғасы — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин шығармашылығын, өмірін және олардың әдебиетке қосқан үлесін жас ұрпаққа таныстыру. Байқау барысында оқушылар аталған тұлғалардың өмір жолын, шығармаларының мәнін, олардың қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін кеңінен талдады. Оқушылардың эсселері әртүрлі тақырыпта жазылды: ақындардың әдеби мұрасы, олардың қоғамдағы рөлі, әдебиеттегі орны мен маңызды идеялары. Бұл байқау жастарға қазақ әдебиетінің құндылықтарын түсінуге, ой-өрістерін кеңейтуге және өз шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. 12.11.2024ж қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кенжебаева З.Қ. “Аңсарым асқақ Астана” тақырыбында 6-сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. «Аңсарым асқақ Астана» атты ашық сабақ — бұл еліміздің бас қаласы, Астана туралы білімді тереңдетуге арналған шара. Сабақтың мақсаты оқушыларға Қазақстанның жаңа астанасының тарихы мен дамуын, оның мәдениеті мен экономикасындағы рөлін түсіндіру болып табылады. Осы тақырып аясында оқушыларға Астана қаласының құрылуы, сол қаланың символдары, маңызды ғимараттары мен тарихи оқиғалары туралы мәліметтер беріледі. Сонымен қатар, сабақты өткізу барысында қаланың әлемдегі орнын, халықаралық қатынастардағы маңызын да талқылауға болады.
13.11.2024ж 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен "Тіл жүйріктері" атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайыс 6 кезеңге бөлінді. Оқушылар "Достық" және " Татулық" атты екі топқа бөлініп,өздерінің білімдерін көрсетті. Қорыта келгенде "Достық" тобы 1 орынды, "Татулық" тобы 2орынды иеленді.
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Хамбар.С 13.04.2024ж 5-сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен Д.Бабатайұлының "О,Ақтан жас, Ақтан жас" өлеңінің көркемдігі тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Ең әуелі оқушылармен "Ынтымақтастық атмосферасын" қалыптастырып, бір-біріне ізгі тілектер тіледі. 1."Зымыран сұрақтар"тапсырмасында сұрақтарға жауап беріп, сөз мағыналарын ашып түсіндірді.Бейне жазба көрсетілді. "Өлеңді жанрлық фабуласы мен сюжеттік дамуын анықтап, талдау". Әдеби шығарманы басталуы, дамуы, байланысы, шешімін талдап, бейнелі сөздерді тауып түсіндірді. 3. Ақтан жастың бойындағы қасиеттерді топтастырды.Топпен жұмыс жасады. 4. Өлеңнен берілген сөз тіркестерін ретімен орналастырып, кестемен жұптық жұмыс жасады. 5. Өлең бойынша берілген сөйлемдерді түсірілген сөздерді орнына қойып орналастырды.6. "Ақтан жасқа"жүрек жарды тілектерін білдіріп, хат жазды.7. Сабақты қорытындылау барысында жағдаятық ,мәселелі сұрақтар қойылып өз ой, пікірлерін білдіріп, өмірмен байланыстыра ойларын ортаға салды. АКТ-ны пайдаланып , сабаққа қатысты әдіс- тәсілдер қолдана отырып, 3-2-1 әдісін қолдана кері байланыс жасады.
Келесі “Ойлы болсаң тауып көр”тапқырлық сайысы 13.11.2024ж 8-сыныпта өтті. Тапқырлық сайысы оқушылар арасында өткенде, бұл шара олардың ой-өрісін, тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылықтарын шыңдауға көмектесті. Мұндай сайыс балалардың өз білімдерін көрсетуге және өзара бәсекеге түсуге мүмкіндік берді. “Ойлы болсаң тауып көр” сайысында әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтар беріліп, қатысушы оқушылардың жауап беру жылдамдығы мен тапқырлығы бағаланды.
15.11.2024ж. қазақ тілі мен әдебиет апталығының қорытындысы бойынша белсене қатысқан оқушыларға мақтау грамоталары табыс етілді. Бұл апталық барысында түрлі іс-шаралар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің қазақ тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Мақтау грамоталары мен алғыс хаттар оқушылардың еңбегін бағалап, олардың тілге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізді. Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, ұлттың бай мұрасын насихаттауға үлес қосты.Апталық бойынша жоспарланған ойға алынған барлық іс-шаралар ойдағыдай өтті. Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Ерболат Тогтал .