«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұстаз - тағдыр, ұстаз – ғұмыр"

04.03.2021

        Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой.  Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог        Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы –  қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.   Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. 

Ұстаз болу сый етілген өміріне,
Қиын бірақ оны алып жүруі де.
Өмір жолын ұстаздыққа арнаған
Талай мықты ұстаздар бар елімізде.

     Солардың бірі –  Атбасар ауданының  Бастау ауылы № 2 орта мектебінде педагог-психолог болып  қызмет атқарған  Журумбаева Зинаида Алдабергенқызы. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен   дараланған Зинаида Алдабергенқызы   жайлы ерекше ілтипатпен  айтуға болады.  Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат  шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя біледі. Өзінің биязы мінезімен   қаншама шәкірттің жүрегіне жол таба білді.   Жүйткіген уақыт ешкімге  жеткізер емес. Қазіргі уақытта  Зинаида Алдабергенқызы    зейнеткерлік  демалыста. Ұстаздың қарапайымдылығы мен  ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны  ерекшелендіреді.  Оның қайсар мінезі, ақжарқындығы мен  қызметіне деген адалдығы   көптеген жас мамандар  үшін үлгі боларлық.  "Бұлақ көрсең, көзін аш" демекші, қаншама дарынды жастардың өмір  айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілуіне дем беріп, ақыл-кеңесін берді. Мектеп оқушыларының  тылсым сырға толы сырларымен,  әлемімен танысып, өзінің ақыл кеңесімен бөлісуді жақсы көрді.  Шәкірттері ұстазды үнемі  мақтан тұтады. Ол тек қана   нағыз ұстаз  ғана емес,  өз отбасының мәуелі бәйтерегі. Балаларының сүйікті анасы. Біздің мектебіміздің  зейнеткер ұстазы.

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст