Ұстаз болу –жүректің батырлығы
Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу- адамның асылдығы.
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.Өзінің бар өмірін 37жыл бойы орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімдік қызметін балаға білім беріп, бала тәрбиелеу жолына арнаған , бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасап, тер төккен - Бастау ауылының №2 орта мектебінің ардагер ұстазымыз- Бегежанова Батима Жаңажолқызы еді.Осындай бойындағы білім нәрін шәкіртіне арнаған ұстазымыз- Бегежанова Батима Жаңажолқызы бүгінгі күнде зейнетке шыққан ардагер ұстаз. Бегежанова Батима Жаңажолқызы үнемі ізденісте жүретін, дарынды да, ұлы тұлға. Өз ісінің шебері, істеген ісіне тиянақты, ізденімпаз жан. 2006 жылдан бастап-2018жылға дейін Бастау №2 орта мектебінде басшылық қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде жетекшіліктің қыр сырын жеттік меңгерген тәжірибелі жетекші деп айтуға болады. Көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ мектебінің мәртебесін көтеру жолында аянбай еңбек етті. Ерекше атап айтар болсақ, 2015-2016 оқу жылында шағынкомплекті мектептердің арасында бірінші орынға ие болды. Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиада, байқауларға қатысып, диплом және сертификаттармен марапатталған. 2016-2017 оқу жылында мектеп дипломмен марапатталып және «II Республикалық Олимпиада слеті-2017» кубогына ие болды және «Қазақстан Республикасының Мақтанышы - 2017» кубогына ие болды.
Бегежанова Батима Жанажолқызы мәдениеттің және болашақ ұрпақтың дамуына қосқан үлесі үшін Д.А. Кунаев атындағы Орденмен марапатталды. Сол сияқты Бегежанова Батима Жанажолқызы кәсіпшілік шеберлігінің, өзінің талмай еңбек атқарғаны үшін Білім басқармасының, Білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Облыс әкімінің, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Ешқашан «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтпайтын. Үнемі ізденіс үстінде болатын. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп,
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!
Сондықтан да келеді біле бергім... деп
білімін, біліктілігін арттырып отыру заман талабы екенін әсте естен шығармайтын. Бастау ауылы №2 орта мектепте басшылық қызмет атқарғанда , мектептің өзекті мәселесі – «Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабылетін көтеру», мектепті дамыту бағдарламасы– «Оқу үдерісінде оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» мақсаты: Жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқыту сапасын бақылау және бағалау, оқушылардың топтық жұмыс жасауға дағдыландыру; білім берудегі инновациялық- ақпараттық технологияларды меңгеруге қалыптастыру; ақпараттық – комуникациялық технологияларды жетік меңгерген орта жасауға бағыт беру және қала мектептерімен тәжірибе алмасу.Мектепті дамыту жоспарының басымдықтары-Оқытуда жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, өзін –өзі бағалауы мен өзара бағалауды, сондай-ақ сыни бағалау тәсілдерін жетілдіру және топтық жұмыс көмегімен дискрипторлар мен рубрикаторларды құрастыру.Білім сапасын арттыру.АКТ қолдану барысында мұғалімдерге қолдау көрсету.Интербелсенді тақта және сыныптағы әрекеттестікті дамыту сынды үдерістері басты назарда ұстап, талмай еңбек етті. Бүгінде арамыздағы ардақты да, ұлағатты ардагер ұстазымыз!
Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі,
Күндеріңіз мұң шалмасын қырындап.
Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ ұстаз, шәкірт бәріміз!
Ізгілікті нұрын шашар маңайға,
Адамсыз ғой үлгі болар талайға.
Жақсылықты өзіңізден көп көрген,
Ұмытпайды біздер сізді қалайда!
Үлгі болған үлкенге де, жасқа да,
Сыйлар сізді туған-туыс, басқа да.
Бақытты боп боп бұл өмірде мәңгілік,
Қуатыңыз таусылмасын жүз жаста да!
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Өмірдің тұрсыз биік тұғырында.
Ажырамай ұжымнан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз!
Асыл қасиет жас жүрекке ектіңіз,
Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз.
Мектептің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет еттіңіз!
«Ұстаздық еткен жалықпас»-деп Абай атамыз айтқандай ұстаздар қауымы сізді қажымай ұстаздық еткен тың жолыңызға басымызды иіп, игі тілегімізді білдіреміз!
Бастау ауылы №2 орта мектебінің ұстаздар ұжымынан