«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім-шырақ!»

04.03.2021

Бастауыш сыныптар апталығы кезеңінде   2 сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша ашық сабақ жүргізілді. Сабақ басында балалар көктем келгеніне қуанып, күн шуақтарына өз тілектерін жазып, бір-біріне сыйлады.Тілектер ішінде  бейбітшілік, достық, мейірімділік, сәттілік, жақсылық деген сөздер кездесті. Сабақ тақырыбын балалар жартысөздерден, аударылып жазылған сөздерден,сөзжұмбақтардан,  жұмбақтардың шешуінен тауып жариялады. «Төрт түлік. Сиыр. Түйе» тақырыбы бойынша  балалар өз білгендерін ортаға салып, әңгімелеп берді. Малдың өнімдері, пайдасы, қалай малды күту керек екенін айта білді. Түпті, біздің жақтарда кездеспейтін түйе туралы білімдері асып түсті. Балалардың көбі «Балдырған» журналын жаздырып, оқып-тоқып жүр екен!  Мәнерлеп оқу, сөздерді анық дыбыстау, сұрақтарға толық жауап беру-бағалау критерийларына жатты. Бірақ, балаларға кедергі емес! Өйткені, ауылда өсіп келе жатқан балаларға күндегі  өмірімен байланыс деп  айтуға болады. «Енесін тап!», «Қалай дыбыстайды?», «Төлдерін тап!» сияқты ойындар балаларға қызық та,жеңіл де болып шықты. Сиыр ,түйе, қой-ешкі, жылқы туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, малдар туралы білімдерін тереңдете білді. «Сиыр», «Түйе» сөздерге бесжолдық өлен құрастырып, білімдері үшін күн шуақтарымен бағаланды. Сабақ соңында балалар күн шуағына шомылды деп айтсақ, артық болмас!

Бастауыш сынып мұғалімі Ербалина С.Н.

 

Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст