8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектепішілік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп тәлімгері Азимхан Бахытгүл мектеп парламентімен «Мерекелеріңізбен арулар» тақырыбында науқан өткізді. Мектеп президенті Наурызбай Іңкар «Анашым- анажаным» әнін орындап өз құттықтауын жолдады. Сонымен қатар сынып жетекшілер тақырыпқа сай сынып сағаттарын өткізді. Бастауыш сыныптар арасында «Ана жыры-көктем нұры» сурет көрмесі, 8-9 сынып оқушылары «Менің анам» тақырыбында эссе жазды. 5-10 сыныптар «Анашым менің мақтанышым» тақырыбында қабырға газетін шығарды. Мектептің «Бақыт мекені» отбасылық клубының мүшелері видеоқоңырау арқылы құттықтауларын жолдады. Ауыл әкімі Азамат Қайыржан мектеп ұжымын мерекелерімен құттықтады.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Бекей А.