«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!»

10.12.2024

Бүгін 09.12.2024ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де 3 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!»  тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:

-Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

-Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын  дамыту, туған елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Біз – бақытты ұрпақпыз... Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған басқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай адамның жанын, жақынын алған сұм соғысты мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.

Тәуелсіздік – Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан, біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Қазіргі бейбіт мемлекетте уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз да осы тәуелсіздік арқасы деп айта аламыз.

 

Бастауыш сынып мұғалімі Тайбагарова З.К.

 

 

 

 

 

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст