Текст
Біз жемқорлыққа қарсымыз
Жемқорлық – кез келген қоғамның дамуына тосқауыл болатын ең үлкен кедергілердің бірі. Ол тек экономикалық жағдайды емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен сеніміне кері әсерін тигізеді. Жемқорлықтың салдары мемлекет деңгейіндегі тұрақтылыққа, қоғамның моральдық құндылықтарына, азаматтардың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай зиян келтіреді.Жемқорлықсыз болашақ – әділетті, тең құқықты, экономикалық тұрғыда өркендеген мемлекет кепілі. Сол себепті біз бәріміз бірге бұл мәселеге немқұрайлы қарамай, оны жою үшін бірлесіп күресуіміз керек!
Тарих пәнінің мұғалімі Хурамхаз Ж