«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бүтін және бөлік»

17.03.2021

Наурыз айының 17 жұлдызында Бастау №2 орта мектебінде даярлық тобында «Бүтін және бөлік» тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақты даярлық тобының тәрбиешісі Тойшубекова А.Т. өткізді. Сабақтың мақсаты: Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінікті қалыптастыру, бүтінді түсінуге баулу. Сабақ амандасудан басталды. Негізгі бөлімде балалар жыл мезгілдер туралы әңгімеледі, «Сиқырлы қапшықтан» геометриялық пішіндерді алып, оларды аттап және түстерін айтты. Сандарды ретімен орналастырды.Сабақ барысында бүтін лентаны бірнеше бөліктерге бөліп, санап берді. Сабақтың кейіпкері Қоян өз туған күніне  қонақтарды күтіп отыр, бірақ асығып жүргенде тәрелкелерді сындырып қойды. Бүлдіршіндерден көмек сұрайды. Балалар тәрелкелерді құрастырып қойды. Келесі ойыны «Қыстырғыш», балалар жеміс жидектердің бөліктерін табады. Қоянға қонақтар келді, балалардың мақсаты қонақтарды атап, оларды рет ретімен орналастыру. Бүлдіршіндер қонақтарды орнына отырғызып, тәттілерді бөліп беру. Қоянға өз қолымен жасаған сыйлықты сыйлау. Сабақтың соңында балалар дәптермен жұмыс жасайды, өздерін бағалады. Балалар сабаққа белсене қатысты.

 

 

                            Даярлық тобының тәрбиешісі Тойшубекова А.Т. 

Просмотров: 553


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст