18 наурыз күні Бастау ауылының №2 орта мектебінің жанындағы «Балапан» шағын орталығында «Қош келдің, Наурыз» мерекесі өтті. Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз – қазақ халқының шын мағынасыңдағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса,бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Наурыз» деп айтайық. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан дайындалды. Олар: сүр ет, айран, тұз, құрт, су, тары, ұн. Жеті саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі. Балалар наурыз кожеден ауыз тиді. Балалар тақпақтарын айтып, «Наурыз», «Жау-жау жаңбыр» әндері айтылып, қыздар «Қамажай» , «Қазақ», ұлдар «Батыр» билерін билеп, қазақтың ұлттық «Ханталапай», ойынын ойнады. Әжелер баталарын беріп, шашу шәшті. Балалар қуанып, көтеріңкі көңіл күйде болды.
Ш/о тәрбиешісі Куснутдинова З.К.
Бақыт Жанерке