Текст
Бүгін 10.02.2025 жылы Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты ашылуы өтті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі апталық жоспарымен таныстырды. 2-сынып оқушылары «Шалқан» ертегісі бойынша, 6-7 сынып оқушылары орыс тілі туралы көңілді әндер шырқады. 7-сынып оқушысы Искакова Аяулым «Кіші ел» әнін әдемі орындады. 6-7 сынып ұлдары мектеп өмірінен әзіл-оспақ миниатюраларын көрсетті. Орыс тілі мен әдебиеті апталығының ашылуына оқушылар өте белсенді қатысты.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Габбасова Баян Салмұханқызы.