Текст
Бүгін 24.02.2025ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де 3 сынып оқушыларымен 1 наурыз «Алғыс айту күні» күніне орай «Алғыс білдіру – ең асыл сөз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Азаматтық- құқықтық білім туралы түсінігінің болуы;
Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылықпен алғыс туралы түсінік беру. 1 наурыз-ерекше күн. Бұл көктем күні ашық жүректердің нұры мен жылуына бөленіп, тілектердің шынайылығына толы. Бұл күн- Алғыс күні, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігі, достығы, сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болып жарияланды.
Бастауыш сынып мұғалімі Тайбагарова З.К.