«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Интеллектуалдық ойыны

27.02.2025

Ақпан айының 27 күні Бастау ауылының №2 ЖОББМ 7-8 сыныптар арасында “Who is the best”интелектуалдық сыныптан тыс ойыны өтті. Сыныптан тыс интелектуалдық ойыны  қызықты әрі тартымды болды. Бұл интелектуалдық ойын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, білімін және командалық жұмыс дағдыларын тексеруге ерекше мүмкіндік болды. Әр оқушы сайыста белсене қатысып, өз мүмкіндіктерін толық көрсетті. Сайыс барысында оқушылар ерекше ынтамен жұмыс жасап, бар күш-жігерлерін салып, тапсырмаларды орындады.

Интелектуалдық ойын өте тартысты өтті, ал 7 сынып оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Алайда, 8 сыныптың оқушылары да керемет өнер көрсетті, олардың тапқырлығы мен жинақылығы жоғары бағаланды. Екі сынып та сайыстың қызықты әрі көңілді өтуіне өз үлестерін қосты.

Жалпы, барлық қатысушыларға сайыс қатты ұнады, өйткені әрқайсысы өздерін жақсы қырынан таныта білді. Бұл сайыс тек білімді ғана емес, шығармашылық қабілетті және командалық жұмыс дағдыларын да дамытуға мүмкіндік берді. Барлық оқушылар осы сайыстан жақсы тәжірибе жинақтап, болашақтағы жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетуге дайын екендерін көрсетті!
Ағылшын тілі мұғалімі: Ерболат Т

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст