«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«I Love English Week» Апталығының Қорытындысы

28.02.2025
«I Love English Week» Апталығының Қорытындысы
2025 жылдың ақпан айының 28-і күні Бастау ауылының №2 ЖОББМ-де «I Love English Week» апталығының  жабылуы өтті. «I Love English Week»  апталығы ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырып, оқушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Апталықтың ашылуында оқушылар ағылшын тілінде ән айтып, шығармашылық қабілеттері  бойынша «I Love English Week» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер көрмесі өтті. Бұл іс-шаралар оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, оларды шығармашылыққа баулуды мақсат еткен еді.
Апталық барысында жоспар бойынша келесідей іс-шаралар жүргізілді. 7-8 сыныптар арасында сыныптан тыс интеллектуалдық сайысы «Who is the best»  өткізілді. 7-сынып оқушылары I-орынды иеленді.  Оқушылар логикалық және танымдық тапсырмаларды орындап, ағылшын тілінде өз білімдерін сынады. Бұл ойын оқушылардың білім деңгейін тексеріп, ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесті.
Апталық жоспары бойынша 5-сынып оқушыларына "Musical Instruments" тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Ашық сабақта оқушылар музыкалық аспаптармен танысып, олардың түрлері мен қолданылуы туралы қызықты ақпараттар алды. Бұл сабақ оқушылардың тілдік дағдыларын арттырып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеруге мүмкіндік берді.  Марапатталған оқушыларымызға әрі қарай да жетістіктер тілейміз!
6-сынып оқушылары арасында “Peter Pen” тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті ашық сабақ барысында “Peter Pen”-нің басынан өткен қызықты оқиғалары бойынша граматикалық тапсырмалар орындап мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді. 
 6-сынып оқуышларымен “Your own game” тақырыбында сыныптан          іс-шарасы өтті. Сыныптан тыс іс-шарасы барысында екі топ арасында тартысты ойын өтіп I-орынды “Ireland” тобы иеленсе II-орынды “England” тобы иеленді.  
Апталық жоспары бойынша 5-сынып оқушыларына "Musical Instruments" тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Ашық сабақта оқушылар музыкалық аспаптармен танысып, олардың түрлері мен қолданылуы туралы қызықты ақпараттар алды. Бұл сабақ оқушылардың тілдік дағдыларын арттырып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеруге мүмкіндік берді.  Марапатталған оқушыларымызға әрі қарай да жетістіктер тілейміз!
Ағылшын тілі мұғалімі: Ерболат Т
Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст