Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері ай сайын отырыстарын және асхананы тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Күнсайын медицина қызметкері тағамдардың және аспаздық қиімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып,дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Күнделікті мәзір перспективалық мәзірге сәйкес.
Коммисия мүшелері азық- түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды. Алынған азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификаттары талап етілген. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтануы күнделікті қадағаланады. Асхананың іші таза, жарық санитарлық жағдайы қанағаттанарлық, үстелі жеткілікті.
Асханада пышақтар, тақтайшалар таңбаланған, шикі азық- түліктерге, нан өнімдері мен көкөністерге арналған орындар бар.
Асханада күнделікті тамақтың тәуліктік сынамасы алынып тұрады. Асхана ыдыстарына тапсырыс берілді.
Әлеуметтік педагог Тойшубекова А.Т.