«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мұражайға саяхат»

27.03.2025

Бүгін 27.03.2025ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де 3 сынып оқушыларымен көктемгі   уақыттағы 

демалысын тиімді өткізуді жоспарлау мақсатында «Мұражайға саяхат» тақырыбында іс-шара  өткізілді.

Мұражайға саяхат – бұл өткен уақытпен байланыс орнатудың және мәдени мұраны сақтаудың ерекше тәсілі. Мұражайдың тыныш әрі салтанатты ортасы адамды өткен дәуірге сапар шеккендей сезіндіреді. Әрбір мұражай өзіне тән, әрі құнды, қызықты жәдігерлермен бізді тарихтың сырларымен таныстырады. Мұражайға бару тек білім ғана емес, сонымен қатар рухани тұрғыда байыту болып табылады. Сондықтан, мұражайлар – тек тарихи ескерткіштер мен өнер туындыларын ғана емес, адамзаттың жалпы мәдениеті мен даму жолын сақтайтын орындар болып табылады.

Оқушыларды  қызықтырған экспонаттар туралы толық мәлімет беріліп, олардың маңызы мен мәні туралы түсінік берілді. Балалар әрбір жәдігердің артында үлкен тарих, ұмытылмас оқиғалар бар екенін сезінді. Мұражайды саяхаттау кезінде алған әсерлерін, бір-бірімен жарыса талқылап, көңілді күй кешті.

 

Бастауыш сынып мұғалімі Тайбагарова З.К.

Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст