«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек»жазғы алаңқайында 4 маусымда «ҚР Рәміздері Күні» өтті. Балаларды ауысым жетекшісі Ербалина С.Н. бұл күннің ерекшелегімен таныстырды. Биылғы 2021 жыл- өте маңызды жыл екенің ескертіп, «Тәуелсіздікке-30 жыл» деген ұранымен ерекшеленгенін жеткізді. Әнұранды орындауынан бастап , балалар Отан туралы тақпақтарын айтып, мақал-мәтелдер жарысын жүргізді. Әріптерден «Қазақстан» сөзін жинап, әр әріпке сәйкес туған жеріне сипаттау жасады. Елтаңбаның әр суретінің маңыздылығын түсінуге тырысты. «Көк тудың желбірегені» әннің орындауымен , жалауларды биікке көтеріп, азаматшылықтарын білдірді!
Ауысым жетекшісі Ербалина С.Н.