Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» жазғы алаңқайына келген балалар мектеп мұражайына саяхат жасады. Ауысым жетекшісі Ербалина С.Н. балаларды өлкетану тарихымен таныстыра отырып, өткен заманда пайдаланған ыдыс-аяқтар, құрылыс заттар, ауылшаруашылықта қолданған құралдарды көрсетіп түсіндірді. Бұрын ата-әжелеріміз киген киімдер балаларды қызықтырды. Киіз үйдің макетінде ішік, саукеле, қамзолдар, бөріктер үлгілері бар. Ауылдың тарихына үлес қосқан ата-бабалардың батырлығы да мәңгілік есте сақталар! Тарихты құрметтеп білген ұрпақтың болашағы да жарқын болар!
Ауысым жетекшісі Ербалина С.Н.