Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» жазғы алаңқайының ішінде «Мисс Маусым-2021» деген сайыс өтті. Ауысымға қатысатын қыздар өздерін таныстырып, мода көрсетіп, үш тілде сұрақтарға жауап беруге жарысты. Соңғы өнер сайысында қыздар ән салып, би билеп шықты. Ауысымға қатысатын ұлдар және мектеп медбикесі Шопанова С.Б. әділқазылар ретінде қыздарға әділдікпен баға қойып, бірауыздан 1 орынды Капышева Ажар мен Сәлімжанова Әзимаға бөліп берді. «Қыз өссе-елдің көркі» дегендей, ауысым жетекшісі Ербалина С.Н. женімпаздарға жасамды медаль сыйлады. Ауысым жабылуы табиғат аясында көңілді өтті.
Ауысым жетекшісі Ербалина С.Н.