«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» жазғы алаңқайының ішінде 1941 жылы Ұлы Отан Соғысы басталған 22 маусым күніне арналған. Бұл күн туралы ауысым жетекшісі Ербалина С.Н. балаларға көп мәлімет жеткізе алды. Сол кездегі халық үшін бұл қара хабар түнгі сағат 4-те жеткізілді. 80 жыл бұрын соғысты жарияламай, фашистер ұйықтап жатқан халыққа бомба тастап, жер жарды. Совет Кеңес Одағының елі бар күшін Отанын қорғауға қосып, төрт жыл фашистермен соғысты. Ұлы Жеңісіміздің рахатында өмір сүріп жатқан ұрпақпыз! Алаңқай балалары Бастау ауылында орналасқан ескерткішке барып, жасанды гүл салды.Мектеп мұражайындағы Отан Соғысына арналған бұрышындағы макеттер арқылы қарулар түрлерімен танысты. Сол мұражайдағы Ұлы Отан Соғысына қатысқан ата-бабаларымызға арналған стенд бойынша ауыл ардагерлерімен , олардың қаһарлығы, марапатталған орден мен медальдарына қызыға қарап шықты. «Ер есімі-ел есінде»!
Ауысым жетекшісі Ербалина С.Н.