Аула клубының мақсаты – ауыл балаларын сауықтыру, спортпен шұғылданатын балалардың санын көбейту және көңілді демалуының нәтижесінде олардың денсаулығын нығайту және патриоттық сезімін арттыру. Дене шынықтыру мұғалімі Тойшубеков Болат Айтмухамбетұлы осы мақсатты басшылыққа ала отырып, 01.06. – 30.07. 2021 аралығында «Намыс» аула клубын ұйымдастырды. Аула клубында күн сайын кешкі сағат 16-00 ден 20-00 ге дейін оқушылар жиналады. Аула клубының жұмысы жоспарлынып құрылды. Балалар аула клубына үлкен қызығушылықпен келді. Бұдан ұстаздың бала жүрегіне жол табудағы шеберлігін және жұмысына деген адалдығын көруге болады. Мектеп жанындағы спорт алаңқайда түрлі спорттық іс -шаралар жүргізіледі. Әр күн сайын қызықты, көңілді ойындар ойнауға мектеп оқушылары қатысты. Шахмат ойнады, білмейтіндер үйрене бастады. Оқушылар топтарға бөлініп өзідерінің арасында жарыстарды өткізді.Табиғат аясында футбол ойынын ойнады, серуендеп,көктің үстінде отырып демалды. «Намыс» аула клубында оқушылар зерігіп, бойларын шынықтырып, күндерін көңілді өтікізді. Жаз мезгілінде балалар уақыттарын бос өткізбей жүрмеуіне және демалуына аула клубы маңызды рөл атқарды. Оқушылар аула клубына риза болып қайтты.
Дене шынықтыру мұғалімі Тойшубеков Б.А.