Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулықты сақтап, оны үнемі нығайтып отыру керек , сондықтан жазғы кезеңінде «Айгөлек » лагердегі балалардың демалысы «Денсаулық әлеміне саяхат » тақырыбы бойынша өткізілді. Бұл кезең салауатты өмір салтына баулу бағытында өтті. Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күнге ерекше тақырыптар қойылып, соған байланысты іс- шаралар ұйымдастырылды. Атап өтсек : «Денсаулық кілті» «Желден жүйрік, таудан алып», «Денсаулықтың достары мен қастары», «Көңілді жарыстар» , «Таза ауа, жанға дауа» т.б. . Қорыта айтқанда , «Айгөлек» алаңқайында оқушылар өз уақыттарын өте қызықты, көңілді өткізді.
Ауысым жетекшісі Коспаева А.Ж.