01.07- 30.07.2021ж күндер аралығында Бастау ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілінен линвистикалық мектеп өз жұмысын жүргізді.
Ағылшын тілінен лингистикалық мектептің мақсаты: қатысымдық құзыретті жетілдіру, шет тілін оқуға уәждемені арттыру және оқушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін дамыту.
Ағылшын тілінен лингвистикалық мектептің міндеті:
- тілдік дайындық деңгейіне сәйкес орта білім беретін мекеме оқушыларының зияткерлік қабілетін дамыту;
- - шет тілін оқытудың өмірлік жағдайлар және оқушылар қызметімен тығыз байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шындықпен байланыс принципі;
- шет тілдік тілдік материалды оқытуды және қарым-қатынас қызметін (пікірталастар мен дебаттар ұйымдастыру, құрбыларымен шет тілінде хат жазысуларды жүргізу, шет тіліндегі көркем әдебиеттерді оқу, шығармаларды және т.б. драмаландыру) қарастыратын қатысымдық бағыттылық пен белсенділік принципі;
Оқушылар лингвистикалық мектепте оқылым,айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын қолдана отырып ағылшын тілінен білімдерін тереңдетті. Лингвистикалық мектепте оқушылармен лексика бойынша да жұмыстар жүргізілді. Жаңа сөздерді немесе өздері білетін сөздерді ойындар ойнау арқылы жаттады. Тыңдалым бойынша әнді жалғастыр ойынын ойнап және мульфильмдер көру арқылы осы дағдыны дамытты. Айтылым бойынша жұмыстар белгілі бір тақырыпқа қатысты өз ойын айту, яғни пікірталас арқылы жүргізілді. Оқылым бойынша мәтінді және кітапты оқып оны аудару арқылы тапсырмалар орындалды. Грамматикалық тақырыптар да өткізілді. Оқушылар грамматика бойынша тапсырмалар орындады.
Ағылшын тілінен лингвистикалық мектеп жоспар бойынша өз жұмысын жүргізді. Оқушылар өте белсене қатысып, ағылшын тілін үйренуге талпынды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанболат Айаскан