Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде Білім күніне арнайы салтанатты жиын өтті. 1 қыркүйек - жаңа үміт пен ұмтылыстың табалдырығы. Әрқашан жаңа нәрсенің басында әр адам уайымдайды, бәрі қалай болатынын болжайды. Оқу жылының басталуы әрқашан мереке, кездесулер мен жаңалықтар күні. Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттағандар үшін ең күтілетін күн. Бүлдіршіндер үшін ең қызықты және маңызды кезең, өйткені білім әлеміне, жаңа өмір әлеміне алғашқы қадам басты.
Бастауыш сынып мұғалімі Ербалина Слушаш Нурбаевна бірінші сынып оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтап, әр оқушыға «Әліппе» алғашқы кітабын сыйлады.Осымен қатар бүлдіршіндерге мектеп директоры Харахыз Б., ауылдық округтың бас маманы Аян Қажымұратұлы, сынып жетекшісі Коспаева А.Ж., ата -аналар, әжелер көп деген жақсы тілектер , нақыл сөздер айтты.
Сәттілік тілейміз!
Бастауыш сынып мұғалімі : Коспаева А.Ж.