Бүгін мектебімізде 07.09.2021ж «Тілдер онкүндігінің» ашылуы болды. Онкүндікте жүргізілетін іс-шара жоспарымен ұстаздарға, оқушыларға қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері таныстырды. Онкүндіктің ашылуына бастауыш сынып оқушылары, орта буын, жоғарғы буын оқушылары қатысып, үш тілде өлең, тақпақтарын мәнерлеп жеткізе білді. Тіл- ұлттың жаны дегендей бүгінгі жас ұрпақ ана тіліміз- қазақ тілінің көсегесін көгертіп, тұғырын биік ұстау керектігін б.гінгі іс-шараның өтілуінде терең ұғына білді. Іс-шараның соңында:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте!
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! ,- деген Қадыр Мырза Әли ақынымыздың өлеңінен ой түйіндей алды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хамбар Сайрагуль