Текст
Адам ағзасының дамуына спорт әсерінің пайдасы туралы айтқаны артық болмас. Қазіргі заманда денсаулықты сақтау ережелерін орындауы өмірімізде өте маңызды орында. Мектепте «Спорт күні» мезгілінде оқушылармен медбике салауатты өмір салты бойынша әңгіме жүргізді. Ал 3 сынып оқушыларына дене шынықтыру мұғалімі Ербалина С.Н. ұлттық ойындардың түрлері мен ережелерін түсіндіре отырып , ойнауға шақырды. Балалар «Тоғыз құмалақ», «Дойбы», «Асық ойындары» ойындарын а белсене қатысып, көңілді әсер алды. Денсаулығымыз зор болсын!
3 сынып жетекшісі Ербалина С.Н.