Текст
" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде" 1ші сыныпты "Буккроссингпен таныстыру" іс шарасы өтті. Буккроссинг - ағылшын тілінде "кітаптың айналыста жүруі".Тарихы «Буккроссинг» идеясын ең алғаш рет АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған. Ол қоғамдық орында мынадай жазуы бар кітап қалдырды: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, мына сайтқа кіріп, оның бұрынғы иесін біле аласыз. Жарты жылдан кейін оның сайтында екінші рет дүниеге келген кітаптың жолын жалғастырған 300 белсенді пайдаланушы тіркелді. 2004 жылдан бастап «Bookcrossing» сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізілді.
Кітапханашы Капышева А.Х.