Мұғалім мамандығы ... ол туралы көп айтылды да , жазылды да... Иә, ол ең көне мамандықтардың бірі, иә, ол ең күрделі мамандықтардың бірі... бірақ мұғалімнің рөлі қаншалықты маңызды, оқушысын білімге, шындыққа, рухани құндылықтарға жетелейді, өйткені мұғалім өзінің оқушысының білімін толтырып қана қоймайды, ол баланың жеке басын қалыптастырады, өз елін сүйетін , қорғайтын азаматты тәрбиелейді.
Бүгін мен мектепке 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеген ұстаз туралы айтқым келеді. Өзінің жанқиярлық еңбегімен шәкірттерінің, әріптестерінің құрметіне лайық ұстаз - Бегежанова Батима Жанажолқызы туралы.
1981 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, ол Ново – Александровка (қазіргі Бастау ) ауылына келіп, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады. Еңбек жолындағы шыңға баспалдақпен көтерілді: мұғалім , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры. 20 жыл мектеп директордың қызметін атқарды , оның ішінде 11 жыл Бастау ауылындағы №2 орта мектебінің директоры болып жұмыс жасады. Осы жылдар ішінде мықты мектеп ұжымы қалыптасты, мұғалімдер ұжымы оқушыларға жақсы білім беріп, мектебіміз әрқашан үлгілі орында болды.
Бәтима Жаңажолқызы балаларға да, мұғалімдерге де талапшыл болды. Әр іске бей жай қарамай, бастаған жұмысты нәтижелі аяқтайтын.
Басшылық қызметінде көшбасшы ретінде әр түрлі деңгейде танылуға лайқ болды. Табиғаты бойынша, оның түйсігі жақсы дамыған, аналитикалық ойлау қабілеті бар, бұл оған дұрыс, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік берді. 2014 жылы Алматы қаласында өткен шағын жинақты мектеп директорларының І- ші Республикалық слётіне қатысып, жеңімпаз боп иеленді. Оның басқаруымен Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің рейтингінде «Үздік ауылдық мектеп» мадақтамаға ие болды. «Қазақстан Республикасының мақтанышы-2017» кубогының иегері және МАНЭИиП қоғамдық қорының ІІ Республикалық олимпиада слётінің жеңімпазы. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі қалтықсыз шығармашылық еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін Д.А. Қонаев атындағы орденмен , Көкшетау қаласының білім басқармасының Құрмет мадақтамасымен , облыс әкімінің алғыс хаттарымен және басқа да көптеген жетістіктермен марапатталған.
Мектепте сабақ беру - оңай және қиын жұмыс , бірақ Бәтима Жаңажолқызы өзінің өмірлік еңбек жолын таңдауында ешқашан күмәнданбаған.
Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, сәттілік тілейміз!
Бастауыш сынып мұғалімі Қоспаева Әлия Жандосқызы