Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, көктем де қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз. Ал Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, Олай болса,
Мерекесі халықтың
Алтын күзде басталды
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық деп «Алтын күз» мерекелік іс шара екінші сыныпта өтілді. Құстар қайтты ән салып
Бұлт торлады аспаңды.
Күз келеді жар салып,
Күзге суық басталды, деп оқушылар «Күз тамаша» әнді орындады. Күз мезгілінің үш айы ортаға шығып өз өнерлерін көрсетті.
Қыркүйек айы балаларға «Жапырақ жинау» ойынын ойнатты. Әр жапырақта қызықты сұрақтар болды. Балалар қызыға сұрақтарға жауап беріп жапырақтар жинады.
Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күз нені?
Бөгеліп көп тұрмайық,
Жемістер мен көкөніс жинайық деп жұмбақ жасырды.
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды. Қараша айы «Күзгі вальс» биі биледі. Балалар белсенді, көңілді қатысып, жақсы әсер алды.
Бастауыш сынып мұғалімі Тойшубекова Б.А