«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жапсыру сабағы

29.10.2021

Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде даярлық тобында жапсыру сабағы өтті.

Сабақтың тақырыбы «Түлкі».

Сабақтың мақсаты: түлкінің бейнесін қию арқылы пішіндер туралы түсініктерін нығайту.

Оқу қызметі «Бауырсақ» ертегісінен басталады.

– Балалар, бұл қай ертегі?

Педагог жабайы аңдардың суреттерін (аю, түлкі, қоян, қасқыр т.б.) көрсетіп, балалармен олардың тіршілігі, мекені, қорегі туралы әңгімелейді. Ойыншық түлкіні балаларға көрсетіп:

– Қараңдаршы, мынау – түлкі. Ал түлкінің баласын «жәутік» деп атайды. Оны естеріңде сақтаңдар.

– Түлкінің түсі қандай? – Құйрығы қандай?

– Жақсы, балалар, ертегідегі түлкі мен бауырсақтың кездесуін еске түсірейік. Ешкімге алданбаған бауырсақ түлкіге қалай алданды?

Иә, түлкі әрі қу, әрі айлакер. Ол осы айлакерлігінің арқасында ешкімге алданбайды, керісінше алдайды.

Бүгін біз осы түлкінің бейнесін қиып жапсыруды үйренеміз. Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіруін сұрайды.

Шаршыны кесу сызығы арқылы екі бөлікке бөлеміз. Үлкен үшбұрыш –денесі. Кішкентай үшбұрыштардың біреуі – басы, жоғарыдағы екеуі –құлағы.Сопақша – құйрығы. Қиып дайындаған бөліктерді дайындалған қағазға жапсырамыз.

Педагог балалардың жұмысын мадақтап, оқу қызметін қорытындылайды.

 

 

                                Даярлық тобының мұғалімі Тойшубекова А.Т.

 

 

 

 

Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст