Текст
Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына орай 6 сыныпқа Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі жөнінде оқушыларға сыныптан тыс іс- шара өткізілді. Оқушылар Ы. Алтынсаринның алғаш қазақ хрестоматиясын жазған. Ағартушы-педагог, қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұстаз және қазақ балалар әдебиетінің атасы екенін жоғары деңгейде түсінді. Л.Н Толстойдың И.А.Крыловтың шығармаларын қазақшаға аударғаны жөнінде, т.б. еңбектері туралы мағлұматтар алды. Өткізілген іс- шараға оқушылар қызығушылықтарын танытып, белсене қатысты. Ақынның балалрды оқуға, өнер-білімге шақырған өлеңдерін жатқа мәнерлеп айта білді . Қорытындылай келе Ы.Алтынсарин туралы мәліметті толық ала білді.