2021 жылы қарашаның 2-де 7 сынып оқушылармен Искакова Гульден Тлеугабыловна «Менің болашақ мамандығым» онлайн тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру. Сабақ ауызша журнал «Мамандық әлемінде» түрінде өтті. Еңбек нарығындағы жетіспейтін мамандар (өзекті мәселе), мамандықтар классафикациясы (Сен білесің бе?), психологиялық тренинг « Мен қандай маман боламын?», «Мен таңдаған мамандық» ( жоба қорғау) , «Әріпті мамандық» ойыны кезеңдері болды. Салимжанова Аида мен Тойшубеков Азамат болашақтағы мамандығын сурет арқылы көрсетті. Нұрболат Мақпал мен Аманкелді Ерқанат тақырыпқа сай эссе жазып, оқыды. Жарденбек Серікжан, Ханай Оразбек, Жандос Абзал және Умирхан Мехмед «Әріпті мамандық» ойында белсенділікті көрсетті. Искакова Гульден Тлеугабыловна «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен тәрбие сағатын аяқтады.