«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы

17.11.2021

Теңге күнім – мерекем
Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз теңгеміз бар бізде,
Өз теңгемнен құралады үлкен іс.  – деп 2 сыныпта «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы»  атты сынып сағаты өтті. Оқушыларға Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат берілді.

Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке бізді шақырып жатқандай! - оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту арқылы сабақты әнұран айтудан бастадық.  Оқушылар  ақша туралы тақпақтар және мақал - мәтелдер айтты. Кім тез ұғып алады екен «Сиқырлы сандықша» ойыны ойнатылды.

 Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер! Бір болайық, бірлігіміз жарасқан ел болайық! -айтып, соңында барлығы жүректі бірге ұстап, жоғары көтеріп, «біз біргеміз» деген сөзді айтып, сабақты аяқтадық.

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі Тойшубекова Б.А

Просмотров: 557


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст