Жамбыл Жабаевтің 175 жылдығына орай 9 сыныпқа Ж. Жабаевтің өмірі мен қызметі жөнінде оқушыларға сыныптан тыс іс- шара өткізілді. Оқушылар Ж.Жабаевтің қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы екенін жоғары деңгейде түсінді. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген жерінде ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілгені туралы мағлұматтар алды. Өткізілген іс- шараға оқушылар қызығушылықтарын танытып, белсене қатысты. Ақынның ұлы отан соғысына Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларын жатқа мәнерлеп айта білді . Қорытындылай келе Жамбыл Жабаев туралы мәліметті толық ала білді.