Текст
21-ші желтоқсан күні «Балапан» шағын-балабақша орталығында сабақ өтті.
Тақырып: Шыршаны сәндейміз.
Сабақтың мақсаты: Үлкендер дайындаған ірі және ұсақ бөлшектерді орналастыру және жабыстыру қабілетін қалыптастыру.
Сабақтың қортындысы: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Дайын сызбаларды дұрыс орындарға жабыстыру арқылы есте сақтау қасиеттерін жетілдіру. Шығармашылық ойлау, көзбен қабылдау, аппликация техникасында ұсақ бөлшектермен жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіру. Өзіндік қасиетке, шыдамдылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Балаларға сабақ өте қызықты болды және сызба нұсқалармен жұмыс жасаған ұнады.
«Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі: Бақыт Жанерке