Бастау ауылының №2 ЖОББ мектебінде «Жас Ұлан» қатарына қабылдау іс-шарасы өтті. Онда 5 сыныпта Амангельдинов Ж, Көкенай Д, Жанарбек А, 6 сыныптан Кенжетай Т, 7 сыныптан Өмірхан М «Жас Ұлан» қатарына қабылданды.
«Жас Ұланның» мақсаты:
өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
2.«Жас Ұланның» міндеттері:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Тәлімгер Азимхан Б