Текст
Зиянды әдеттер болашақтағы баланың денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, қоғам өмірінде өз орынын табуға кедергі болады. Жастайынан зиянды әдеттерге жақын болған жеткіншектер келешекте қоғамға зиянды ықпал ететін криминалды ортаға түсіп кетуі мүмкін. Әртүрлі зиянды әдеттердің жасөспірімдер арасында алдын алу мақсатында 6 сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға жағымсыз әдеттен аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстау керектігі жөнінде мәліметтер берілді. Оқушылар ақпаратты белсінді қабылдап зиянды әрекеттер жайындағы өз ұстанымдарын ашық жеткізе алды. Оқушылар зиянды әдеттердің неге әкеліп соғатынын жақсы түсініп, ақпарттарды жоғары деңгейде қабылдады.