Текст
Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған 6 сынып оқушылары «Ахмет – ұлт ұстазы» тақырыбына эссе жазды. Ахмет Байтұрсынұлы-қыры мен сыры мейілінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927-1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының «Әлипбиімен» ашып, ана тілін Байтұрсынұлының «Тіл құралы»арқылы оқып үйренді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ оқушыларының білімі мен тәрбиесіне үлкен үлес қосты.
Сынып жетекшісі Тойшубеков Б.