Өмірде ақ пен қара, жарық пен қараңғы, бар мен жоқ, әлсіз бен мықты, аласа мен биік сынды антонимдер қатар жүріп, қарама-қарсы болса да, айнымас серікке айналып кеткендей. Жастық шақ – жігер қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Заман өзгерді, уақыт ағымы өзгерді. Елдің болашағы, ертеңі мен тұтқасының функциясын бірдей атқаратын жастардың да қарама-қарсы мінезбен, көзқараспен, ақыл-ойымен әлеуметімізде бұлғағы мен бұралаңы көп тарам-тарам жолдарға бөлініп жатыр. Қоғамдағы бір топ арзан атаққа құмар, екіншісі өмірлік сапары басталмай жатып-ақ түңіліп, қараңғы түнекке кіріп барады. Өзінің қолынан келмегенді өзгеден көріп, өмір сүруін қиындатып, жегідей жеп, мәнсіз өмір кешуде. Бос мақтанға еріп, тән азығына шөлін қандырып, өзін-өзі шамадан тыс бағалауға көшті. Баяғы қазақ атамның қарапайымдылығының ізі бірте-бірте жойылып барады.. Осы тұста «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады», - деген дана Абайдың айтқанын есіңізге түсіріңіз. Байқасаңыз, имандылық, еңбек пен білім, теңдік пен шынайылық сынды ұлттық темірқазығымыздан айырылып бара жатқандаймыз. Шындығы – осы. Бұл себептер елге деген махаббаты азайтатын сыңайлы. «Талапты ерге нұр жауар» деген құлагер қазақтың даналары. Ғұмырын тиімді пайдаланып, жетістіктің асқар шыңын бағындырып, «Нағыз елдің тізгінін ұстайтын бала ғой» деп сүйсіне қарап жүргендерді түгендемес бүрын осы тақырыпта ой қозғадым. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегенді ұстанғаным болар. Сол себепті, ешкімнің өміріне қызықпаңыз, еңбек етуден жалықпай, ынта мен ықыласты әрқашан бірінші жұмсау қажет екенін ұмытпайық. Ел тізгінін ұстар нағыз азамат болайық!
Тарих пәнінің мұғалімі: Хурамхаз Ж