17.02.2022
- Ауғанстандағы революциялық оқиғалар сыртқы жаулардың қарсылығына тап болды. Пәкістан, Ирак, Қытай тарапынан үздіксіз диверсиялық қызмет басталды. Өз кезегінде ескі режимнің реакциялық қалдықтары революциялық жүйеге қарсы күресті бастады. Мұның бәрі сәуір төңкерісінің ауған халқына әкелген әсерін жою қаупін тудырды. Жаңа мемлекет бұрынғы КСРО үкіметіне саяси және материалдық көмек, оның ішінде әскери қолдау көрсетуді сұрады. Бұрынғы Кеңес Одағы осындай қолдау көрсетті. 1979 жылы 24 Желтоқсанда Ауғанстанға әскер енгізу туралы шешім қабылданды. Ауғанстандағы соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
Кітапханашы Капышева А.Х.