«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"PISA халықаралық бағдарламасы бойынша оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру" атты семинардан жаңалықтар

17.02.2022

2022 жылдың 16 ақпанында Атбасар ауданында "PISA халықаралық бағдарламасы бойынша оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру" атты облыстық семинар өтілді. Онлайн-семинарға Атбасар ауданының жаратылыстану-математикалық пәндерінің мұғалімдері қатысты.  ZOОM конференциясын "Өрлеу" БАҰО " АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша КДИ ГМО кафедрасының аға оқытушысы Жұмабаева Айгүл Оразқызы жүргізді.  Семинарды Айгүл Оразқызы статистикадан бастады. 2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін PISA халықаралық зерттеуіне қатысқан елдер саны 65-тен 79-ға дейін асты. Ал қазақстандық оқушылардың PISA халықаралық зерттеуі бойынша нәтижелері: Математика бойынша – 405 оқушы, 2018 ж-423 оқушы, Жаратылыстану  – 400 оқушы, 2018 ж – 397 оқушы сұрыпталды. Семинарда мұғалімдер: " Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық", "жаратылыстану-ғылыми сауаттылық жетістіктерінің деңгейлері", "контекст деңгейлері", "танымның кеңдігі мен тереңдігі", "спиральды білім беру " және де сондай-ақ тақырыптарды талқылай бастады. Айгуль Оразовна PISA халықаралық зерттеуіне арналған тапсырмаларды (физика, химия, биология және география пәндерден) ұсынды, сонымен қоса Атбасар ауданың пән мұғалімдері,берілген тапсырмаларды талқылай оларға жауап берді.  Мен математика пәнінің мұғалімі, өткен конференцияға куә болып, көптеген пайдалы материалды алдым. Химия, физика пәнінен ұсынған тапсырмаларға жауап бере отырып, белсенділікті көрсеттім. Уақытқа мән бермей, қалай өткен байқамай қалдым. Осындай семинарлар жиі өтеді деп ойлаймын, себебі PISA халықаралық бағдарламасы оқытуда өте маңызды, әрі пайдалы құрал.

 

Математика пәнінің мұғалімі Искакова Г.Т.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст