Ұстаздық еткен жылдарыңызда, шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Зинаида Алдабергеновна осы жолды таңдап шәкірттерінің бойыңа бар махаббатын, білімін сіңіре алды. Мектеп еңбек жолында, үнемі ізденісте парасатты жан болды. Қызмет жылдарында жүздеген шәкірттерге берік, терең білім беру үшін қаншама махаббат, күш, мейірімділік, білім, қажырлы еңбек қажет болды. Оның байсалдылығы, ақылдылығы, кеңестері шәкірттер мен әріптестерінің арасында құрмет пен ризашылық сезімін оятады. Ұстаздық қабілетіңіз, мейірімділік пен рухани жомарттық ұзақ уақыт бойы барлық мұғалімдер мен оқушылар үшін үлгі бола білдіңіз Сіздің осы еңбегіңіз бен берген тәрбиеңізге басымызды иіп алғыс айтамыз. Өз атымнан мектеп ұжымы атынан алғыс айту күнінде алғыс айтамыз. Сізге мықты денсаулық , отбасыңызда амандық қажырлы қайрат тілеймін.
Бастау ауылының №2 ЖОББМ директорының м.а Б Харахыз