«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«10 көлемінде тура және кері санау»

05.03.2022

      Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беру мектебінде мектепке дейінгі білім беру онкүндік аясында даярлық тобында «10 көлемінде тура және кері санау»  тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: 1-ден 10 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. Тура және кері тәртібімен. Қызықты математикадан өткен білімдерін қайталату. Сұрақ қою және дағдыларын дамыту. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды табуы. 

Логикалық ой өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту. Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайы бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ шаттық шеңберден басталды: Математика керек әр күнге

                                                               Математика керек өмірде

                                                               Математиканы оқимыз

                                                               Миымызға тоқимыз.

Жыл мезгілдерін, апта күндерін есіне салды. Сабақ барысында қуыршық қонаққа келді. Балалар қуыршақтың бірнеше қызық тапсырмаларын орындады.   Сол тапсырманың арасында «Адасқан сандар», «Көршіні тап», «Сандарды тап», «Суретті есептер» және т.б. тапсырмалар және бірнеше ойын ойнады. Балалар тапсырмаларды қызықпен орындап, сабаққа белсенді  қатысты. Сабақтың қорындысына келгенде балалар сандарды дұрыс орналыстырып, «Математика» сөзді құрастырды. Балалар сабақта өз білімдерін, тәртіптерін көрсетті.

 

 

                                                Даярлық тобының мұғалімі   Тойшубекова А.Т.

 

Просмотров: 612


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст