«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауғанстан – жүректегі жара» дөңгелек үстел».

15.02.2019

Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

Соғысында қан кешкендер АУҒАННЫҢ.

Биылғы жылы Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай Бастау ауылы № 2 орта мектебінің кітапханасында жұмыс жоспарына сай 8 сынып оқушыларымен «Ауғанстан – жүректегі жара»  атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысыңда оқушыларға  Ауған соғысы туралы бейнебаян көрсетілді. Кітапханада «Ауғанстан – жүректегі жара» тақырыбында буклет рәсімделді. Оқушылар Отан туралы, соғыс туралы әңгімелесті. Өздерінің Ауған соғысы туралы ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелге Алғашқы Әскери Дайындық пәнінің мұғалімі Тойшубеков Булат ағай мен 8 сыныптың сынып жетекшісі Габбасова Баян Салмухановна қатысты. Булат ағай оқушыларға біздің ауылымыздың Ауған соғысының ардагерлері туралы айтып берді. Оқушылар қызығушылықпен тындап, сұрақтар қойды. Сыныптың оқушылары Рахманова Камила мен Хиватдолда Кенжебек Ауған соғысы туралы қысқаша баяндамаларын оқып берді. Сынып жетекшісі Баян Салмухановна оқушыларды ардагерлерді құрметтеп, өз елінің патриоты болуына тілек білдірді.  Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, кітапханашы оқушыларға, мұғалімдерге өз алғысын айтты.

                                                                               Кітапханашы Калиева А.Ж.

 

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст