Текст
20 наурыз күні Бастау ауылының №2 орта мектебінің жанындағы «Балапан» шағын орталығында «Қош келдің, Наурыз» мерекесі өтті.Мерекеде әжелер киіз үйдің ішінде дастархан жайды.Наурыз көже жеті түрлі тағамнан дайындалды. Олар:сүр, айран, тұз, құрт, су, тары, ұн.Жеті саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.Балалар наурыз кожеден ауыз тиді.Қазақтың ұлттық салт дәстүрлерінің бірі «Тұсаукесер» көрсетілді.Балалар тақпақтарын айтып, «Наурыз», «Жау-жау жаңбыр» әндері айтылып,қыздар «Қамажай» , «Қазақ», ұлдар «Батыр» билерін билеп, қазақтың ұлттық «Ханталапай» ойының ойнады. Әжелер баталарын беріп, шашу шәшті.Балалар қуанып, көтеріңкі көңіл күйде болды. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.
Ш/о тәрбиешісі Куснутдинова З.К.