Құрметті ата-аналар сіздерге бірінші сыныпқа түсетін баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.
Мектеп дайындық деңгейіне қарамастан, алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы және қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар ұсынылады:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады),
3) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген № 065/е нысаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) және № 026/нысану-3, "баланың денсаулық паспорты "026/у-3 есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
4) баланың 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтияр хат;
2) азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3) босқын-босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға-пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас - қандас куәлігі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың туу туралы куәлігін (паспорт, жеке басының куәлігі), мекенжай анықтамасын көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.